www.kultura.temirtau-akimat.kz ГУ "Отдел культуры и развития языков г.Темиртау"
Например: Финансы

Мәдениет қайраткерлері

 

  • Григорий Темистокович Григориади (1924-1983ж.)– ақын, 10 жыл бойы «Магнит» әдеби бірлестігінің басқарған. Өлеңдерінің тақырыбы – әскери, адамгершілік, махаббат лирикасы  («Зарубки в памяти»- Алматы 1979 ж,; «Взросление» - Алматы, 1981 ж., «Звездопады»- Алматы, 1981 ж. – өлгеннен кейін басылып шығарылған.
  • Дмитрий Васильевич Оськин (1930-1988 ж.)– жазушы, Жазушылар одағының мүшесі, Теміртау мен Қазақстан Магниткасын алашқы салушыларының бірі.  «Строитель» газетінің редакторы болған. Оның шығармалары Теміртау қаласының өзіндік жылнамасы: «Вижу солнце» - Мәскеу, 1964ж., - деректі повесі, «В доме дедушки Укена»- Алматы, 1988ж, «Казахстанская Магнитка-колыбель моя», роман-хроника «Двум смертям не бывать»(қазақ және болгар халқының мызғымас жостығы туралы  - Алматы, 1990 ж.) 
  • Виктор Григорьевич Фетько (1943 -2005 ж. ) – ақын, бұрынғы ҚСРО Жазушылар одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Магниткасының құрылысшысы.  Өлеңдері соғыс кезіндегі балалық шағына,  құрылысына, комсомол мүшелеріне арналған.  («У родного порога»-1980 ж., «Осенние снегопады», «Земное притяжение» -1983ж., «Неотправленные книги»-1987 ж.,). ақынның 4 кітабы жарыққа шыққан. «Огни Темиртау» өлеңдер жинағына оның көптеген шығармалары кірді.   («Жар души своей», «Огни Темиртау» және т.б.)
  • Виталий Какунин (1963-1997 ж.) –  өлеңдерінде өмірдің философиялық мағынасы, шығармащылық биіктігі туралы ой қозғайды. Жоғары және төмен лексиканы біріктіріп, талантты метафоралар құрған.   
  • Михаил Степанович Подлесных (1924 жылы туған) – суретші–кескіндемеші, Ұлы Отан соғысының ардагері.  1999 жылдан бері – қаланың құрметті тұрғыны. 1963 жылы Металлургтер мәдениет сарайы жанындағы тұңғыш изостудияны басқарды. Оның 87 шәкірті дипломды кескіндемеші, мүсінші, сәулетші болды. Оның суреттері Қарағанды қ. мен Теміртау қ. мұражайы қорында және алыс шетел елдерінің жеке меншік топтамасында бар.    
  • Андрей Иванович Осипенко (1927 жылы туған) –  суретші–кескіндемеші, қолданбашы. 1980 жылдан бері Суретшілер одағының мүшесі. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесін бітірген.  1980 -1990 ж. неміс драма театрыныңда еңбек етті. Қазақстан Суретшілер одағының Қарағанды ұйымы театралдық-декорациялық секция бөлімшесін басқарды.  Оның еңбектері Теміртаумұражайында және Қарағанды өнер мұражайында сақталуда.    
  • Маргарита Александровна Перхина (1927жылы туған) балетмейстер, бывший руководитель агиттеатра «Особые романтики» үгіттеатрының және «Казахстанская Магнитка» ансамблінің бұрынғы жетекшісі.   Харьков қаласында инженер отбасында дүниеге келген.   1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Соғыстан кейін 10 жыл бойы сталиндік лагерлерде болды. Босағаннан соң 1956 жылы Теміртау қаласындағы жаңадан ашылған құрылысшылар клубына жұмысқа шақырылып, сонда 90-щы жылдардың басына дейін еңбек етті. Ол басқарған ұжым -  ҚСРО сыйлығының лауреаты, Бүкілодақтық көркемөнерпаздық байқауларының қатысушысы. Көптеген хореографтарды тәрбиеледі, оның ішінде «Гюзель» ансамблінің жетекшісі - Н.Г.Раева, «Вдохновение» Үлгілі хореографиялық ансамблінің хореографы-  Б.Т.Қайдасынова да бар.
  • Леонард Тимофеевич Ядринцев (1937 жылы туған) мүсінші-суретші.  1971 жылдан бері – Суретшілер одағының мүшесі, Теміртау қ. бас суретшісі болып еңбек етті, В.И.Ленин ескерткішінің авторы. Оның еңбектері Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында, Қарағанды өнер мұражайында қойылған. Қазіргі кезде Ресейде тұрады.   
  • Юрий Иванович Показанов (1938 жылы туған) – Теміртау қаласының  белгілі қоғам қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, 3 ұжымдық өлеңдер жинағының қатысушысы  (Мәскеу, Алматы). Қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдарында белсенді жарияланды. Оның өлеңдері Теміртау газеттерінде басылып тұрады. Қазіргі кезде «Магнит» әдеби бірлестігінің жетекшісі.  (өлеңдері: «Мой город», «Город дремлет, но люди в работе», «Сюда приехал я из далека», «Первый день о войне» және т.б.)
  • Виталий Федорович Кирзун (1939 жылы туған) – коллекция жиюшы.  1961 жылы Металлургия  институтын бітірген. Открыткаларды студент кезінен бастап жинаған. 1970 жылдан бері  филателиямен шұғылданып,    филателистер қоғамына кірген. 1972 жылдан 1988 жылға дейін Қазақстан филателистер қоғамының қалалық бөлімшесінің төрағасы болды. Бірнеше рет Республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге открыткалар мен пошта маркілерінің экспозициясымен қатысқан және жүлделі орындарға ие болған.   
  • Қасым Ертайұлы Ботанов (1942 жылы туған)– ақын,  бард. Көптеген ресейлік ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған және өлеңдерге музыка жазады («Теміртау тұлғалары»,  «Теміртау вальсы», « Түған жер» ... )
  • Александр Иванович Болюх (1949 жылы туған) – суретші, кескіндемеші, мүсінші,  1993 жылдан бері Суретшілер одағының мүшесі. 1976 жылы Нижний Тагил қолданбалы өнер көркем училищесін бітірген. Оның суреттері Алматы қ. ІҢКӘР жеке меншік галереясында, Қарағанды облыстық өнер мұражайында, Теміртау қ. мұражайында  қойылған.  Бірнеше мәрте Алматы қ. Қастеев атындағы өнер мұражайында шығармаларының көрмесін өткізген.  (2000ж, 2004 ж.)
  • Любовь Шашкова (1951 жылы туған) - «Строитель» газетінің тілшісі болған, ақын, қазақстандық және ресейлік басылымдарды жарияланады. Өлеңдерінің тақырыбы  еңбеккер-әйелдер туралы.    
  • Татьяна Федоровна Ромашихина (1952 жылы туған)– мұғалім, ақын, тілші, өлкетанушы. Алғашқы өлеңдерін қалалық газеттерде 80-ші жылдардың басында жариялай бастады. Белсенді өмірлік көзқарасы бар адам, қазақ және орыс мәдениеттерін дамытуға және өзара толғандыруға зор үлес қосуды жалғастырушы,  өзінің ішкі толғанысын өлеңдер арқылы бейнелейді: «Мой друг -казах», «О Балхаше и дочере Или», «Весне», «Я ныряю в дождь…», «В слове сказка-праздник детства» және т.б.
  • Валентин Васильевич Еренченко (1953 жылы туған)– коллекция жиюшы.  фолерист. Белгішелердің коллекциясын жиюды спортпен шұғылданудан кейін бастаған. 1972 жылдан бері – Бүкілодақтық филателистер одағының мүшесі. 1974 жылы тұңғыш рет облыстық «Целина спортивная» атты белгішелер көрмесіне қатысқан. Аса бай коллекциясы бірнеше тараулардан тұрады: «Спорт», «Космос», «Ұлы Отан соғысы»  және т.б.
  • Елефтериади Иван  Антонович (1955 жылы туған)– кәсіпқой суретші-декоратор және ақын, қаламыздағы «Магнит» әдеби бірлестігінің тұрақты мүшелерінің бірі. Қаланың мәдени өмірінің белсенді қатысушысы. Оның поэзиясы заманауи оқиғаларға сергек үн қосады және мәнерлі. Өлеңдерінің тақырыбы – махаббат, адамгершілік, қаза болған ауған жауынгерлерін еске алу.    
  • Александр Эдуардович Яковлев (1966 жылы туған) – геральдист, нумизмат, Теміртау қаласының әдеби өлкетану альманахының редакторы, Теміртау әдебиет сүюшілерінің президенті, Орал тарихи-шежіре қоғамының мүшесі.   2001 жылдан бері -  «Түркістан геральдистер одағы» жеке меншік кәсіпорынының директоры.   2006 жылы ол редакторы және серіктес авторы болған Теміртау әдеби альманахының бірінші басылымы жарыққа шықты. Оның нумизматикалық  коллекциясы Теміртау мұражайына қойылған.   
  • Құралай Жүнісқызы Шәймерденова (1952 жылы туған) – вокалшы, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі. Шет елдерде қала мен  республиканың атын шығарған  көптеген лайықты вокалшылардың ұстазы. 
  • Сергей Владимирович Кочмарев (1967 жылы туған) – кәсіпқой  фотограф (10 жылдан астам),   «Сплав» Халық фотоклубының жетекшісі. Еңбектері бірнеше мәрте облыстық және қалалық фотокөрмелерге қойылған. 
  • Маргарита Дмитриевна Чистякова (1959 жылы туған) - «Вдохновение» Үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблінің құрушысы және көркемдік жетекшісі.
  • Елена Михайловна Петракова (1962 жылы туған) –  «Арабески» Үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблінің құрушысы және көркемдік жетекшісі.  

 

Новости республики

14 Қараша 2015 Глава государства направил телеграмму соболезнования Ф.Олланду в связи с терактами в Париже
Глава государства Нурсултан Назарбаев направил телеграмму соболезнования Президенту Французской Республики Франсуа Олланду в связи с террористическими актами в городе Париж, сообщае...
14 Қараша 2015 В субботу на большей части РК сохраняются осадки, метель
На большей части Казахстана с прохождением фронтальных разделов местами сохраняются осадки, преимущественно снег, метель, туман, гололед, усиление ветра, передает BNews.kz.
14 Қараша 2015 Среди жертв и пострадавших в трагедии в Париже казахстанцев нет – А.Абибуллаев
По предварительным данным, среди жертв и пострадавших в трагедии в Париже казахстанцев нет. Об этом заявил посол по особым поручениям - официальный представитель МИД РК Алтай Абибуллаев, передает BNews.kz.

Рассылка

Подписка на рассылку новостей из жизни района и органов исполнительной власти:

Прогноз погоды

В Темиртау: +22С Пасмурно Ветер: 22 м/с
Влажность: 60%
Давление: 950 рт/ст

Курсы валют

Опрос

© 2012 «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ копирование с сайта запрещено
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»